Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.

Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.