Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың хабарлауынша, президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
