Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының сәтті өтуіне байланысты жылы лебіздерін жолдаған шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға ризашылығын жеткізді.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев достас мемлекеттер басшыларының өз елдерін орнықты дамытуға бағытталған жобалары мен бағдарламаларын табысты жүзеге асыруына тілектестік білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ мемлекет басшысының атына ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭК, ЭЫҰ, ТҮРКСОЙ және басқа да халықаралық ұйымдар жетекшілерінің құттықтаулары келіп түсті.
