Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың хабарлауынша, жеделхатта: "Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!", – делінген.
Шавкат Рахмонов – қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, UFC файтері. Оның әкесі Бақтыбай Алпамысов қайтыс болды. Президент қайғылы хабарға байланысты отбасына көңіл айтты.
