Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанда өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді.
Қытай құрамасына ғана есе жіберді
Отандастарымыз әлемдегі ең мықты, әйгілі команда – Қытай құрамасына ғана есе жіберіп, үлкен нәтиже көрсетті.
«Президент құттықтауында даңқты шахматшы Бибісара Асаубаева бастап барған Қазақстан құрамасы беделді турнирдің бірде-бір ойынында жеңілмегенін атап өтті. Мұны шахмат сарапшылары үлкен жетістік ретінде бағалап отыр», – деп жазды Смадияр.
Табысты жол жалғасты
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шахмат шеберлері өткен олимпиададағы табысты жолын жалғастырғанына назар аударған. Қазақстан командасы сол кезде де екінші орынға табан тіреген еді.
Бұл спортшыларымыздың деңгейі биік, талантты, еңбекқор екенін, сондай-ақ отаншылдықты нақты іспен дәлелдей алатынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы шахматшы аруларға толайым табыс, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.
Қазақстандықтар шахмат олимпиадасында қатарынан екінші рет күміс жүлдегер болды.
