Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылдан бастап шағын және микробизнесті тексеруге тағы үш жылдық мораторий енгізуге тапсырма берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі жолдауда президент бизнесті тексеру мәселесіне тоқталды. Биылғы жылдың ішінде кәсіпкерлер тарапынан бұзушылықтар саны 34%-ке азайған. Алайда айыппұлдардың көлемі 11%-ке артқан. Жоспарсыз тексерістер де көбейген.

«Осы орайда іскерлік белсенділікке жасалған талдау бір нәрсені көрсетіп отыр. Бизнеске кедергі жасамаса да жеткілікті. Бұл жерде 2020-2023 жылдары шағын және микро бизнесті тексеруге қойылған мораторийдің тәжірибесі пайдалы болатын еді», — деді Тоқаев.

Президент Құрылтай мен үкіметке 2027 жылы 1 қаңтардан бастап тағы үш жылдық мораторийді енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды. Бірақ бұған дейінгі тәжірибе ескерілуі шарт.