Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында реформаларды табысты жалғастыру үшін Қазақстанға ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы этносаралық және конфессияаралық келісім саясатына және «Әралуандықтағы бірлік» қағидатына адалдығын растады.

«Халық мүддесі үшін реформаларды табысты жалғастыру үшін бізге ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық қажет. Ал елімізге қасірет тілеп, өз әрекеттерімен Қазақстанға зиян келтіруге тырысқандардың барлығы «Заң және Тәртіп» қағидатына сәйкес жауапкершілікке тартылады және тартылатын болады. Елде Заң және Тәртіп орнауы керек», — деді Тоқаев.

Президент Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу үшін барлық көршілес және басқа да мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастықты одан әрі дамыта беретінін атап өтті.

Бұған дейін «Курсив» Теміртауға сапары барысында Тоқаевтың Qarmet комбинатындағы №8 және №9 жаңа кокс батареяларының құрылысымен танысқанын жазған болатын. Олардың жалпы қуаты жылына 1,5 млн тонна құрғақ кокс құрайды. Жаңа агрегаттар 1960–1970 жылдары салынған ескірген қуаттарды алмастырады.