Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шолпан-Атаға сапармен барады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 31 шілде – 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуіне қатысады. Бұл кездесу аймақтағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды шара болмақ.