Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.

Іс-шара Қырғызстанда өтті. Чемпионаттың бұл кезеңі әлемдік су-моторлы спорттың маңызды оқиғасы болып табылады. Президенттердің қатысуы аймақтағы спорттық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетеді.