Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Жогорку Кенешінің төрағасы Нұрланбек Шакиевті қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды талқылады. Сондай-ақ, парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Президент екі ел арасындағы сауда айналымын арттыру және бірлескен жобаларды іске асыру маңызды екенін айтты.

Өз кезегінде Шакиев Қазақстанға жылы лебізін білдіріп, Қырғызстанның Қазақстанмен барлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Ол екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту үшін парламентаралық диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға бағытталған бірқатар келісімдерге қол жеткізді.