Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев Құрылтай депутаттарына Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұрады. Ол өз сөзінде Дәдебайдың мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет еткенін, білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдегенін атап өтті.

«Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын», - деді Тоқаев.

Айта кетері, Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай төрағасының лауазымына кандидатураны президент ұсынады. Ал депутаттар оны құпия дауыс беру арқылы сайлайды.