Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Содан кейін мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді.

«Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана», – деді Тоқаев.

Бүгін Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Республика бойынша барлығы 10 423 сайлау учаскесі бар, соның ішінде 79 учаске 61 шет мемлекетте орналасқан.