Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы депутаттардың халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керектігін, мұны ешқашан естен шығармау қажеттігін айтты.

Осы орайда Тоқаев «Әділет» партиясының басым дауыспен жеңіске жеткенін еске салды. Оның айтуынша, бұл партияға қойылатын талап та, артылатын үміт те, сенім де аса жоғары.

«Сондықтан қоғамды ортақ мүддеге ұйыстырып, реформалардың қозғаушы күші болу өте маңызды. Бұл міндет ойдағыдай орындалады деп сенемін», – деп түйіндеді Президент.