Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алдында тұрған маңызды міндеттерді атады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін президент Құрылтайдың бірінші сессиясын ашып, заңнамалық тұрғыда қарастыруды қажет ететін міндеттерді айқындады:

  • 01"E-Parliament" ақпараттық жүйесін енгізу;
  • 02жасанды интеллектіні орта білім беру саласына енгізу;
  • 03цифрлық активтер индустриясын дамыту;
  • 04"Алтын визаны" енгізу;
  • 05көші-қон саясатын жетілдіру;
  • 06"Кітапхана және баспа ісі туралы" заң жобасын да әзірлеу;
  • 07"Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын заңнамалық негізін қалыптастыру;
  • 08ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау жөніндегі заңды қабылдау;
  • 0916 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салу;
  • 10энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • 11баламалы энергия көздерін дамытуға мүмкіндік беретін заң жобаларын тездетіп қарастыру;
  • 12онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселесіне қатысты заңдарды қарау;
  • 13ақпарат кеңістігінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау.

Сондай-ақ, президент қоғамда жаңа құндылықтарды орнықтыру мәселесіне де тоқталды.

"Жаңа этиканы қалыптастыру ісі ел алдындағы азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына байланысты екені сөзсіз. Қоғамдық орындарда келеңсіз, жөнсіз әрекеттерге жол бермеу қажет. Депутаттар заң қабылдаумен қатар, жаңа қоғамдық этиканы дәріптеуге үлес қосуға тиіс. Бұл да – ұлттық мүддеге тікелей қатысы бар маңызды мәселе", - деді Тоқаев.