Президент Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады, деп хабарлады Ақорда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа тағайындау

"Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Бұрынғы бас қолбасшы босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Мереке Көшекбаев бұл лауазымнан босатылды. Ол бұл қызметке 2024 жылдың қарашасында тағайындалған болатын.