Қазақстан президенті Қарулы күштер Бас штабының бастығын, қорғаныс министрінің орынбасарын және Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметтерінен босатты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақорданың мәліметінше, Қаныш Әбубәкіров Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы — қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Алмаз Жұмакеев қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Қанат Ниязбеков Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.

Тиісті шешімдер мемлекет басшысының өкімдерімен ресімделді.

Бұған дейін «Курсив» Токаевтың 24 қыркүйекте Каспийде оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза табуы аясында Дәурен Қосановты қорғаныс министрі қызметінен босатқанын жазған. Оқиға фактісі бойынша немқұрайлылық және кеме жүргізу ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс тергелуде. Президент сондай-ақ Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйін кешенді тексеру үшін комиссия құрды.