Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің екі вице-министрін және Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қорғаныс министрлігіндегі кадрлық өзгерістер Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан кейін жасалып отыр.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- 01Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;
- 02Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
- 03Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Каспийдегі қайғылы оқиға
24 қыркүйекте әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметкерді теңіз толқыны алып кетті. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметкер қаза тапты.
25 қыркүйек Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
