Президент қорғаныс министрін қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды.
Каспий теңізіндегі ашық оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметкер суға кетіп, 14-і көз жұмды, үшеуі аман қалды.
Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрылды.
