Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі дипломатиялық миссияларға жаңа елшілерді тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әбілқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол жаңа жарлыққа сәйкес елші қызметінен босатылған Рәпіл Жошыбаевтың орнын басты.
Бақыт Батыршаев Қазақстанның Катардағы елшісі болды. Бұрынғы елші Арман Исағалиев қызметінен босатылды.
