Қазақстан, Өзбекстан және Пәкістанның кеден қызметтері арасындағы ынтымақтастық заң жүзінде бекітілді. Тиісті заңдарға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың хабарламасында: «Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», — деп жазылған.
Келісім мемлекеттік органдар арасында жедел ақпарат алмасуды, қауіп-қатерлердің алдын алу және жолын кесу шараларын келісуді, сондай-ақ құзырлы органдардың іс-қимылын үйлестіруді көздейді.
Сондай-ақ мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
