Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық кеңесінің құрамын бекіту туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, кеңес құрамына 126 адам енді.

Кеңес құрамында кімдер бар

Кеңес мүшелерінің ішінде бұрынғы мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері және этномәдени бірлестік өкілдері бар. Толық тізімді мына жерден көруге болады.

Кеңестің мәртебесі мен өкілеттігі

Айта кетері, Қазақстанның Халық кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функцияларын біріктіреді.

Кеңеске ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу және Құрылтайға заң жобаларын енгізу өкілеттігі беріледі. Сонымен қатар кеңес жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтере алады.

Сондай-ақ кеңес мемлекет пен азаматтық қоғам арасында қарым-қатынас орнатады.

Жалақы төленбейді

Халық кеңесі мүшелеріне жалақы төленбейді.