Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент бұл туралы Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде мәлімдеді.

«Қазан айында Конституцияның 46-бабына сәйкес мен Қазақстан халқына Жолдау жасаймын, онда алдағы кезеңге арналған мақсаттар мен міндеттерді айқындаймын», – деп мәлімдеді Тоқаев.

Ол сондай-ақ күш-жігер біріктірілген жағдайда елдегі ауқымды реформалардың табысты жүзеге асатынын айтып, Қазақстанның жаңа бірпалаталы парламенті – Құрылтайға жақында өткен сайлауды атап өтті.

«Заң шығарушы органның құрамы жаңашыл, бастамашыл кәсіби мамандармен, соның ішінде көптеген жастармен толықтырылды. Жаңадан жасақталған Үкімет өз жұмысына кірісті. Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығы құрылды. Жақын арада "Қазақстан Халық кеңесінің" құрамы бекітіледі. Осылайша, мемлекеттік маңызды институттар толық жаңартылады. Бұл шаралар – біз жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалардың ажырамас бөлігі», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Тоқаев VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады.