Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Қубанычбек Өмүралиевті қабылдады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар шараға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары қатысты.
Қазақстан атынан Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева өкілдік етті.
