Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиғаға байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты. Оқиға салдарынан көптеген адам жарақат алған.

«Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын», – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Катардағы Рас-Лаффан индустриялық аймағындағы QatarEnergy мемлекеттік компаниясының жобасы Барзан газ нысанында күшті жарылыс пен өрт болды. Оқиға өндірісті іске қосу кезінде орын алған. 13 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жараланды. Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.