Қазақстан Президентінің жарлығымен қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштердің Бас штабының бастығы тағайындалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақорданың ресми сайтында президенттің жарлығы жарияланды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген жарлықта.

Омарбеков бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымын атқарған.

Оның орнына Азамат Бақытжанұлы Хасенов келді.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қорғаныс министрлігінің екі вице-министрін және Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатқан болатын.