Теміртаудағы Qarmet кәсіпорнына барған сапарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістік және индустриялық дамуға қосқан зор үлесі үшін кәсіпорын мен онымен байланысты компаниялардың қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Барлығы 15 адам марапатталды: екеуі «Құрмет» орденін, алтауы III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін, жетеуі «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.
«Құрмет» орденімен Qarmet цехының шөмішшісі Зейнолла Идрисов пен Karaganda Komir компаниясының «Тентекская» шахтасының бригадирі Александр Измер марапатталды.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін «Западный Каражал» шахтасының проходчигі Джамбул Абюров, «Казахстанская» шахтасының электрслесарі Гуля Баулекова, Костенко атындағы шахтаның электрслесарі Марат Жанаев, Qarmet инженері Игорь Иванов, Qarmet ауысым бастығы Бекболат Кынаев және Ленин атындағы шахтаның директоры Валерий Хан иеленді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Оркен-Атансор» өкілдігінің ұсақтау-байыту фабрикасының шебері Сансызбай Альшимбеков, Qarmet жетекші инженерлері Арман Ахметов пен Дмитрий Захаров, «Шахтинская» шахтасының тау жұмысшысы Рафхат Байжанов, Qarmet цех бастығының орынбасары Константин Иванов, Qarmet қызмет бастығы Сергей Колесов және «Оркен» компаниясының Лисаков филиалының кран машинисі Татьяна Фомина марапатталды.
Салтанатты рәсімнен кейін Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен бейресми жағдайда әңгімелесуді жалғастырды.
Сапар барысында президент жаңа құю-прокат кешенінің құрылысының басталуына арналған естелік тақтайшаға қол қойды.
Бұған дейін «Курсив» Теміртауға сапары кезінде Тоқаевтың Qarmet комбинатындағы №8 және №9 жаңа кокс батареяларының құрылысымен танысқанын жазған болатын. Олардың жалпы қуаты жылына 1,5 млн тонна құрғақ кокс құрайды. Жаңа агрегаттар 1960–1970 жылдары салынған ескірген қуаттарды алмастырады.
