Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртау қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап көреді.

Бұдан бөлек, президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысады.

Ақорданың хабарлауынша, сапар аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері де қаралады.