Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен бүгін Омбы қаласына барады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына сапармен барады. Іс-шара аясында мемлекеттер басшыларының кездесуі жоспарланған.

Форумның негізгі мақсаты - Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік және сенімді қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ аймақтар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени және гуманитарлық өзара іс-қимылды тереңдету. Форумда көрмелер, кездесулер және елдер арасындағы ынтымақтастық пен серіктестік мәселелері бойынша панельдік сессиялар сияқты бірқатар іс-шара өтеді. Қатысушылар сондай-ақ кең мәдени бағдарламаны тамашалай алады.

Алдыңғы ХХІ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы 2025 жылдың қарашасында Орал қаласында өтті. Екі елден жүздеген делегат ауқымды іс-шараға қатысты.