Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің үш орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің жарлығымен:

  • 01**Ғалымжан Қойшыбаев** Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
  • 02**Серік Жұманғарин** Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.
  • 03**Жаслан Мәдиев** Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Тоқаев қорғаныс және ішкі істер министрлерін қайта тағайындаған болатын.