Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың хабарламасында: «Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді», – деп жазылған.
Еске сала кетейік, сенбі күні кешке Польша полициясы Краков қаласының орталығында белгісіз біреудің жүріп келе жатқан көліктен оқ атқанын хабарлады. Кейін құқық қорғау органдары алты адамның қаза тапқанын, тағы 16 адамның жараланғанын мәлімдеді. Зардап шеккендердің арасында полиция қызметкерлері де бар. Ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Күдіктінің үйін тінту кезінде оның әпкесі мен ата-анасының мәйіттері табылған.
