Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, телефон арқылы сөйлесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасына сайлаудың сәтті өтуімен жылы құттықтады.
Тоқаев дауыс беру нәтижелері Ресей президентінің Ресей мемлекетінің ұзақ мерзімді мүдделерін қорғауға бағытталған стратегиялық бағытын кеңінен қолдауды сенімді түрде көрсететінін айтты.
Президенттер сондай-ақ екіжақты күн тәртібі мен Еуразия аймағындағы ынтымақтастық бойынша бірнеше мәселені, соның ішінде қазан айының басында Түрікменстанда жоспарланған ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына дайындықты қозғады.
Көшбасшылар Ресей мен Қазақстан арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақты одан әрі серпінді дамытуға өзара міндеттемелерін растады.
