Қазақстан мен Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кремльдің баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, тараптар Ресей президентінің 2026 жылдың мамыр айында Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарын кешенді стратегиялық серіктестік және одақ ретінде одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
Президенттер сауда-экономикалық және энергетикалық салалардағы екіжақты жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге жақында жасаған сапарынан алған әсерімен бөліскені айтылды.
