Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин бастаған Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің көшбасшылары Бішкектегі «Ырыс Ордо» конгресс залына келіп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2026 жылы ұйым 25 жылдығын атап өтеді. Саммит бағдарламасына ШЫҰ жұмысына шолу жасау және оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылау кіреді.

ШЫҰ құрамына Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Саммитке Әзербайжан, Армения, Вьетнам, Мысыр, Лаос, Моңғолия, Того және Түркия делегациялары, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) сияқты бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері қатысуда.