Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Бішкекте ШЫҰ саммиті аясында кездесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Тоқаев көптеген жыл, тіпті ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол қазақтар мен орыстар арасында ешқашан қақтығыс болмағанын, бұл діндер арасындағы қарым-қатынас пен саяси қатынастарға да қатысты екенін жеткізді.

Ресей президенті Владимир Путин өз кезегінде гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстаннан 60 мың студент Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алып жатыр, ал Омбыда Қазақстанның жетекші университетінің филиалы ашылған.

Көшбасшылардың кездесуі «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өтіп жатыр. Бұған дейін Путин мен Тоқаев соңғы рет бір ай бұрын, 25 шілдеде Омбыда өткен ХХІІ Ресей-Қазақстан ынтымақтастық форумында кездескен болатын.