Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің ең мықты құрамын атады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент қос палатаның соңғы бірлескен отырысында депутаттардың жұмысына баға берді. Тоқаевтың айтуынша, парламенттің әрбір шақырылымы Қазақстанның алға қарай нық сеніммен қадам басуына зор серпін берді.

«Осы тарихи сәтке орай ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, елге мінсіз әрі адал қызмет еткені үшін барлық шақарылымдағы мәжіліс пен сенат депутаттарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Әсіресе, парламенттің қазіргі құрамына, яғни, сіздерге алғысым зор. Бұл шақырылымды Қазақстанның жаңа тарихындағы ең мықты құрамның бірі деп сеніммен айтамын», - деді Тоқаев.

Айта кетері, 1 шілдеден бастап Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енеді. Оған сәйкес, бір палаталы парламент – Құрылтай құрылады.