Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс ардагерлеріне арналған Омбы госпиталі ғимаратының қасбетіндегі Кемел Тоқаевтың ескерткіш тақтасына гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Медицина мекемесінде 1941 жылғы шілдеден бастап соғыста жараланған 150 мыңға жуық жауынгер емделген. Олардың арасында Мемлекет басшысының әкесі Кемел Тоқаев та болды. Ол бұл жерде 1945 жылдың ақпанынан маусым айына дейін ем алған.
