Елорда нысандарын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұра ауданында орналасқан New Generation School Astana (NGS Astana) жеке меншік мектебінің жұмысымен танысты.

1320 оқушыға есептелген білім ордасы жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша оқытады. Мектепте математика мен ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады.

Оқушыларға жасалған жағдай

Мекемеде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қажетті инфрақұрылым қарастырылған. Оқушылар күніне үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар үшін қолайлы орта жасалғаны айтылды.

Құрылыс қалай қаржыландырылды

Мемлекет басшысына мектеп ғимараты бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары аясында салынғаны баяндалды. Жобаға қажет қаржының 40 пайызы «Даму» қоры арқылы кредит ретінде бөлінген.

Президент оқу кабинеттерін, кітапхананы және спорт залын аралап көрді.