Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құттықтауда Тоқаев тұңғыш президенттің заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, Қазақстан Республикасын құру, еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы орны мен беделін бекемдеу жолындағы тарихи миссиясын атап өтті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екеніне тоқталды. "Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді", – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы тұңғыш президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.