Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Марокко мен Кубадағы төтенше және өкілетті елшілерін тағайындады, деп хабарлады Ақорда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Айнұр Дәненова Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Олжас Исабеков Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Грузия мен Малайзиядағы елшілерін тағайындаған болатын. Бұл туралы 11 қыркүйекте хабарланған еді.