Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы жеделхатта ақынның ғибратты ғұмырын ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытуға, қазақ поэзиясының өрісін кеңейтуге арнағанын атап өткен.

«Қазақтың дархан даласы мен тамыры терең тарихын, ұлтымыздың ынтымақ-бірлігі мен салт-дәстүрін өршіл де сыршыл өлеңдеріңізге арқау еттіңіз. Оқырман қауым жырларыңызды сүйсініп оқиды және өзіңізді "Қазақтың жыр Аққуы" деп ардақтайды. Алдағы уақытта да өнегелі өміріңізбен өскелең ұрпаққа үлгі болып, ел-жұрттың ортасында сый-құрметке бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін», – делінген құттықтауда.

Марфуға Айтхожа – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, оның өлеңдері оқырмандар арасында кең танымал. Оның шығармаларында қазақ халқының тарихы, мәдениеті және салт-дәстүрлері терең суреттеледі. Ақынның мерейтойына орай елімізде түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.