Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға қатысты түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен консультациялар өткізді. Кездесу барысында азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмысының маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар президент депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне сенім білдірді.

ҚР Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізілген консультациялар барысында премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай қарастырылып отырған мәселеге қатысты өз ұсыныстарын жеткізді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша президент Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты.