Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында президент мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарын айқындап, ведомство алдына бірқатар нақты міндет қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің тапсырмалары

Тоқаев келесідей міндеттерді жүктеді:

  • 01мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамыту;
  • 02тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейту;
  • 03Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеу;
  • 04отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіру;
  • 05қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын дәйекті түрде жалғастыру, жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау.

Контекст

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалғаны туралы алдыңғы күні хабарланған болатын.