Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне арналған маңызды кеңес өтті, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Ақордада өткен жиынға Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі және негізгі құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты.

Кеңес барысында елдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың заңды құқықтарын қорғау шаралары талқыланды. Президент бұл бағыттағы жұмыстың «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына толық сәйкес келуі керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға жаңа Конституция жобасын әзірлеген Конституциялық комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндады.

Фото: Әлеуметтік желіден