Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді және корей халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сан қырлы байланыс қарқынды түрде нығайып келе жатқанына назар аударып, қос халықтың игілігі жолында стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету үшін күш-жігер біріктіруге бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Корея Республикасына құт-береке тіледі.