Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палата төрағаларын тағайындады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, үш лауазым иесі де өз орындарын сақтап қалды.
Конституциялық Сот төрағасы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті жарлығымен Эльвира Азимова Конституциялық сот төрағасы лауазымына тағайындалды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
Сонымен қатар Нұрлан Әбдіров өз қызметін сақтап қалды. Ол Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды. Әбдіров 2022 жылдың қаңтарында осы қызметке тағайындалған.
Жоғары аудиторлық палата төрағасы
Сондай-ақ Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата төрағасы лауазымына қайта тағайындалды. Әлихан Смайылов бұл қызметті 2024 жылдың сәуірінен бері атқарып келеді. Оған дейін ол премьер-министр лауазымын атқарған.
