Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Демократиялық Конго Республикасының президенті Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоға елдің Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы әріптесі мен Конго халқын ұлттық мерекемен құттықтап, Қазақстан бұл республиканы Африка құрлығындағы маңызды және сенімді серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.
Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығаятынына және бірлескен күш-жігер Қазақстан мен Конго халықтарының мүддесінде өзара іс-қимылды кеңейтуге көмектесетініне сенім білдірді.
Қазақстан Президенті Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоға мемлекеттік қызметте табыс, ал Демократиялық Конго Республикасының халқына амандық, бейбітшілік және гүлдену тіледі.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Чисекеди Астанаға мемлекеттік сапармен келген болатын, содан кейін Тоқаев Конголық әріптесін «Достық» I дәрежелі орденімен марапаттады.
Ал қарсаңында Қазақстан Президенті Германияның экономика және энергетика федералды министрі Катерина Райхені қабылдады. Тараптар елдер арасындағы әріптестік пен энергетика, сирек жер металдарын өндіру және қайта өңдеу саласындағы жаңа жобаларды талқылады.
