Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәліметінше, мемлекет басшысы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан ойындарға қатысып жатқан спортшыларға сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жеңіс тілеген.

Президент бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдіріп, ұлттық құраманың ортақ жетістігіне өз еңбегімен үлес қосқан барлық азаматтың еңбегі еленетінін атап өткен.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдер басшыларымен бірге ойындардың ашылу салтанатына қатысқан болатын.