Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлік министрлігіне жаңа басшы тағайындады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымынан босатылды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Әсел Жанасова бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
