Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау, Семей мен Өскеменде жылу электр орталықтарын салудың нақты мерзімін белгіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда көмірдің мол қоры бар және осы артықшылықты барынша тиімді пайдалану керек. «Алдағы үш жылдың ішінде Көкшетау, Семей мен Өскеменде үш жаңа ЖЭО-ны салу қажет. Барлық технология жоғары экологиялық стандарттарға сай болуы шарт. Бұл станцияларды міндетті түрде салған жөн. Ол жерде әңгіме көп, бірақ нақты жұмыс аз», - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Бұған дейін осы жобалар бірнеше рет талқыланған болатын. Үкімет үш жаңа ЖЭО-ға қажетті көмір көлемін де есептеп шығарған.
