Көлік министрлігі «Көкшетау – Петропавл» тас жолын кеңейту жоспарын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі жолдауында «Көкшетау – Петропавл» тас жолын кеңейтуді тапсырған болатын.
Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, қазір дайындық жұмыстары басталып кеткен. «Көкшетау – Петропавл учаскесі бойынша биыл дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады», — деді Ластаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Сонымен қатар ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Арал–Каспий автожолының құрылысы келесі жылы тамыз айында басталады. Бұған қоса, 37 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланған.
